Железин
аграрно-техникалық
колледжі

ауыл шаруашылық саласындағы кәсіби білім
140400, Железинка а., Квитков к. 13
тел. +7 (71831) 21109


Железинский
аграрно-технический
колледж

профессиональное образование в сфере сельского хозяйства
140400, с. Железинка, ул.Квиткова 13
тел. +7 (71831) 21109

Талапкерлерге

Оқушыларды 2016-2017 оқу жылына №20 Железин колледжіне қабылдау ережелері

2015-2016 оқу жылына №20 Железин колледжіне оқушыларды қабылдаудың осы ережесі (әрі қарай - Ереже) Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы №130 қаулысымен бекітілген, техникалық және кәсіби білімнің кәсіби оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын білім ұйымдарындағы қабылдаудың типтік ережелеріне сәйкес оқуға қабылдау тәртібін орнатады.

№20 Железин коллежіне негізгі орта білімі, жалпы орта білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығы жоқ қазақ ұлтты тұлғалар, Қазақстан Республикасының заңнамасымен бекітілген тәртіпте Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар, егер осы деңгейдегі білімді бірінші рет алып жатса оқуға қабылданады.

9 сынып базасында оқуға қабылдау келесі мамандықтар бойынша жүргізіледі (күндізгі оқу түрі):

Оқу мерзімі 10 ай.

1504000 - "Фермер шаруашылығы" біліктілігі:

  • 1504062: ауыл шаруашылық өндірісінің тракторист – машинисті
  • 1504082: «С», «В» категориялы автомобиль жүргізушісі;
  • 1504102: слесарь-жөндеуші
Оқу мерзімі 2 жыл 10 ай

1504000 - "Фермер шаруашылығы" біліктілігі:

  • 1504012: есепші
  • 1504042: аспазшы

Қабылдау комиссиясы жұмысты 2016 жылдың 1 маусымынан бастап 30 тамызына дейін жүргізеді. Өтініштерді қабылдау 2016 жылдың 20 маусымынан бастап 20 тамызына дейін жүзеге асырылады.

№20 Железин колледжіне оқуға қабылдау туралы өтінішке оқуға түсушілер қосымша мына құжаттарды ұсынады:
  • Білім туралы құжаттың түпнұсқасы
  • Жеке куәлік көшірмесі (туу туралы куәлік)
  • № 086-У формасы бойынша флюрографиялық сурет қосымшасымен медициналық анықтама (І және ІІ топ мүгедектері мен балалық шақ мүгедектері үшін – медициналық - әлеуметтік сараптама қорытындысы)
  • 3 х 4 өлшемінде 4 фотосурет
  • Жетім балалар мен ата-ананың қарауынсыз қалған балалар анықтама құжаттарын ұсынады (ата-аналар өлімі туралы куәлік көшірмесі немесе ата-аналарды құқығынан айыру туралы қаулы көшірмесі)

№20 Железин колледжіне түсушілер 2013 жылдың 10, 22 тамызында қазақ және орыс тілдерінде сұхбаттасудан өтеді.

Оушыларды колледжге қабылдау қабылдау комиссиясының ашық отырысында мамандықтар, оқу мерзімі, сұхбаттасу қорытындысы бойынша жеке жүргізіледі.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы шеңберінде қайта даярлау және біліктілікті көтеру

2011, 2012 жылдары «№20 Железин колледжі» КММ базасында «Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы шеңберінде қайта даярлауды 3 айлық оқу мерзімімен мына мамандықтар бойынша 60 адам өтті:

  • Наубайхана, макарон және кондитер өнімдері біліктілігі: наубайшы – шебер -10 адам.,
  • 1504000 "Фермер шаруашылығы" Біліктілігі: 1504042 Аспазшы -10 адам,
  • 1504000 "Фермер шаруашылығы" Біліктілігі: 1504052 сатушы -15 адам,
  • 1504000 "Фермер шаруашылығы" Біліктілігі: 1504062 ауыл шаруашылық өндірісінің тракторист – машинисті – 10 адам.
  • Іс жүргізу және мұрағаттану Біліктілігі: 5100120 хатшы – референт – 15 адам.

«Жұмыспен қамту - 2020» бағдарламасы шеңберінде мына мамандықтар бойынша 20 адам біліктіліктерін көтерді:

  • 1504000 "Фермер шаруашылығы " біліктілігі: 1504062 ауыл шаруашылық өндірісінің тракторист – машинисті – 20 адам.

2012 жылғы №20 Железин колледжі түлектерінің жұмысқа орналасуы

2012 оқу жылында 96 адам бітіріп шықты: олардың ішінде жұмысқа орналасқандар – 67 адам, ол 63% құрайды.

Мамандықтар бөлігі бойынша жұмысқа орналасу пайызы.

- 1504000 "Фермер шаруашылығы" біліктілігі: 150406 2 ауыл шаруашылық өндірісінің тракторист – машинисті; 1504082 «С» категориялы автомобиль жүргізушісі, оқу мерзімі 10 ай - 30 адам, оның ішінде жұмысқа оpналасқан түлектер 27 (90%), соның ішінде үш жақты келісім бойынша 27 адам (78%), өздігінен – 6 адам (22 % )Бакауов ШҚ, Антошинка ЖШС ШҚ, Ракишев Е.К. ШҚ кәсіпорындарына орналасты, ҚР ӘҚ – (2 адам) 6%, түлектердің (1адам) 3% колледжде оқуларын жалғастырады.

- оқу мерзімі 2 жыл 10 ай – 47 адам.

Жұмысқа орналасқандар 23 адам (50%), соның ішінде үшжақты келісім бойынша -7 адам (29%), өздігінен – 17 адам (36%), жастар тәжірибесі арқылы 7 адам (15%) Бакауов ШҚ, Антошинка ЖШС ШҚ, «Каскад» ШҚ, Анисов ШҚ, Егер ШҚ, Ракишев Е.К. ШҚ кәсіпорындарына орналасты, ҚР ӘҚ шақырылғандар – 24 адам (50%). Жетім балалар қатарынан 2 түлек Е.К. Ракишев ШҚ жұмысқа орналасты.

- 4211001 "Нан өнімдерін даярлаушы, наубайхана иесі" біліктілігі: 4211011 наубайшы- шебер, 4211031 кондитер оқу мерзімі 2 жыл 10 ай.

Жұмысқа орналасқандар 11 адам (58%), соның ішінде үшжақты келісім бойынша – 3 адам (27%), өздігінен 5 адам (45%), декреттік демалыста 8 адам (42%). Жетім балалар қатарынан 1 адам Эльнур кафесіне, 1 адам Михайловка ауылдық округіне жұмысқа тұрды.

15.08.2012 жылғы жұмысқа орналасу пайызы 2011 жылғы жұмысқа орналасу пайызымен салыстырғанда 14%-ға төмендеді, ҚР ӘҚ түлектерді шақыру % жоғарылады 18%-дан 38%-ға дейін. Жастар тәжірибесі бойынша жұмысқа орналасу пайызы 7%-дан 10% -ға дейін өсті, өсім 5% құрады.

 

Пайдалы сілтемелер

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Заңдар, Жарлықтар, Өкімдер, Жаңалықтар, Сөйлеген сөздер, Жолдаулар

Павлодар облысының білім беру басқармасы

Павлодар облысындағы білім туралы.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Нормативтік-құқықтық акті, жалпы индикаторлар және бағдарламаның бағыты, жаңалықтар.

Халықтық IPO

«Халықтық IPO» Бағдарламасы туралы. Қалай «Халықтық IPO» қатысушысы боласыз. Мүмкүншіліктер мен тәуекелдер.