Железин
аграрно-техникалық
колледжі

ауыл шаруашылық саласындағы кәсіби білім
140400, Железинка а., Квитков к. 13
тел. +7 (71831) 21109


Железинский
аграрно-технический
колледж

профессиональное образование в сфере сельского хозяйства
140400, с. Железинка, ул.Квиткова 13
тел. +7 (71831) 21109

Көктемгі - дала жұмыстары

Жаңа бастамалар – сәтті болсын

Біздің Железин ауданы облысқа астықты аудан ретінде кеңінен танымал. Бұл өлкеде тың игеру жылдары көптеген шаруашылықтар ашылып, егін шаруашылығын дамыту алдыңғы орынға қойылды. Бүгінгі таңда сол шаруашылықтардың саны артпаса, кеміген жоқ. Жер өңдеп, астық өсірумен айналысып жүрген шаруалар Железин жерінің топырағын ерекше екендігін мақтана айтады. Ал осы шаруашылыққа кадрлар дайындауда Кеңес дәуірінде Михайловка ауылшаруашылық кәсіптік техникалық училище ашылған болатын. Содан кейін 1984 жылы осы училищенің филиалы Железинка ауылында ашылады. 1999 жылы толығымен Железинка ауылына ауысып, кәсіптік лицей болып қалыптасады. Үстіміздегі жылдан бастап кәсіптік мамандар дайындайтын білім мекемесі колледж дәрежесін алды. Бірақ атауы өзгергенімен негізгі мақсаты өзгер жоқ. Мұнда оқитын студенттер өз мамандықтарының үлкен сұранысқа ие, әрі болашағы бар екендігін айтады.

Аталмыш білім мекемесінен осы жылдар бойы қаншама түлектер шығып, ауданымыздың ауылшаруашылығы саласына қомақтай үлестерін қосып келеді. Бүгінгі таңда да Железин аграрлы-техникалық колледжі ұстанған бағытынан таймай, аудан үшін білікті де, білімді мамандар дайындауда.

Биыл Железин №20 колледжі өндірістік оқыту жұмыстарын және қосалқы жұмыстар жүргізуге 149 га жер алды. Қазіргі таңда колледж оқушылары жерді өңдеумен айналысуда. Сол арқылы теориялық білімдерін тәжірибеде сынауда. Өңдеу жұмыстары МТЗ-1221 тракторы және ПЛН 5-35 соқасымен жүргізіліп жатыр. Студенттер кесте бойынша күнделікті бір адамнан егістік даласында жұмыс істейді. Осы күнге дейін 1 курсттың В.Брулевич, С.Тлембаев, А.Лизунов, С.Ткач студенттері тәжірибеден өтті.

Осы жылы берілген 149 га барлығы игерілмейді, тек 50-60 гектары ғана қамтылатын болады. Бұл жағдай техниканың жетіспеушілігінен туындап отыр.

Осы жылы колледж оқу мақсатында сұлы егетін болады. Болашақта басқа дәнді-дақылдар игеріледі. Осы бастамада колледжге әлеуметтік серіктесі, ауданның белді шаруа қожалықтарының бірі – «Неупокоев» ШҚ үлкен қолдау көрсетуде. «Неупокоев» ШҚ колледжге егістік жұмыстарында әріптестік көмек көрсетіп, алғашқы бастама үшін сұлы берді. «Неупокоев» ШҚ әріптестік серіктестік бойынша колледж түлектерін тәжірибелікке алып, артынан жұмыспен қамтамасыз етуде.

Биылғы жыл барлық шаруалар үшін шығымды болады деп сенеміз. Колледждің бұл бастауы болашақта басқа шаруашылықтар тарапынан қолдау табады деп ойлаймыз.

В.Коломников, Железин аграрлы-техникалық колледжінің өндірістік оқыту шебері.