Железин
аграрно-техникалық
колледжі

ауыл шаруашылық саласындағы кәсіби білім
140400, Железинка а., Квитков к. 13
тел. +7 (71831) 21109


Железинский
аграрно-технический
колледж

профессиональное образование в сфере сельского хозяйства
140400, с. Железинка, ул.Квиткова 13
тел. +7 (71831) 21109

Тәрбие жұмыс

№20 Железин колледжіндегі тәрбие жұмысының мақсаты үздіксіз білім жүйесінде оқушының Қазақстан Республикасының азаматы және патриоты, кәсібилікке, интеллектуалды шығармашылыққа қабілетті болашақ маман ретінде жеке тұлғалығының қалыптасуы, дамуы және өздігінен шынайыландыруы үшін үйлесімді шарттар құру болып табылады.

Жұмыстың негізгі бағыттары:

Азаматтық-патриоттық тәрбие өзіне тарихи-өлкетанулық, әскери-патриоттық, әлеуметтік-патриоттық, батырлық-патриоттық, спорттық-патриоттық тәрбиені кіргізеді.

Рухани-өнегелі тәрбие оқушылардың этикалық құндылықтарды дұрыс түсінуін, қоғамдағы отбасының негізін қалаушы рөлінің дұрыс көрінісін, ізгілік, адалдық, мейірімділік пен патриотизм идеалына шын берілуін құру керек.

Құқықтық тәрбие
Тәрбие жұмысының маңызды құрамының бірі оқушылардың құқықтық білімдерін қалыптастыру (қылмыс түрлері, жазалай әдістері және т.т.), студенттік ортада қауымдық құбылысты алдын алу, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі шынайыландыру болып табылады. Нақты осы мақсатпен ІІБ, прокуратура қызметкерлерін, сонымен қатар кәмелетке толмағандар ісі бойынша инспекторларды тарту бойынша кең қоғамдық жұмыстар жүргізілуде.

Оқушылардың салауатты өмір сүруін қалыптастыру, дене тәрбиесі және спортпен жаппай шұғылдануға тарту. Қазіргі кезде ұлттық артықшылық сау және білімді адам болып табылады, сондықтан тәрбие жұмысының өзекті мәселесі – оқушылардың салауатты өмір салтын қалыптастыру мәселесі.

Экологиялық тәрбие
Туған өлкені зерттеу бойынша зерттеу қызметтері, табиғатты қорғау бойынша тәжірибелік қызмет, оның көркейтілуіне, яғни ағаш отырғызуға, оқу кабинеттері мен холлдарды жасылдандыруға қатысу.

Сынып жетекшілері және өндірістік оқыту шеберлерімен оқушылардың өнегелі позициясын қалыптастыру, колледждің дәстүрлерін сақтау және арттыру, сынып жетекшілерінің шеберліктерін жетілдіру, оқушылардың шығармашылық дамуы үшін шарттар құру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ұжым ата-аналармен нәтижелі жұмыс жасауда. Ата-аналармен, ауданның ІІБ қызметкерлерімен, білім бөлімімен, Железин ауданы мектептерімен, ауыл округтері әкімдерімен және ШҚ, ЖК, кәсіпорын басшыларымен тығыз қарым-қатынаста.

2012 жылдың 1 қыркүйегінде әлеуметтік серіктестердің, ата-аналар қоғамының қатысуымен салтанатты жиын өткізілді.

Қыркүйек, қазан айларында Тілдер күніне арналған бірнеше қатар шаралар өткізілді (мәнерлеп оқушылар байқауы, сұрақ-жауап, қабырға газетін шығару, Қазақстан халықтарының фестивалі, музыкалық бағдарлама). Г. Кривонлсенко, С. Даутова, А. Шнайдер сияқты оқушылар жақсы тіл білімін көрсетті, мақтау қағаздарымен марапатталды.

Колледж кітапханашысы Р.А. Жаманбалинова Тілдер күніне, ҚР алғашқы Президенті күніне, ҚР Тәуелсіздік күніне арнап көрме безендірді. Колледж фойесінде Павлодар Ертіс өңірі жазушылары мен ақындарының мерейтойларына арналған стенд, сондай-ақ халық шығармашылығының бұйымдары көрмесі безендірілді.

2012 жылы қыркүйекте «Біздің денсаулығымыз біздің қолымызда» акциясы өткізілді. Шара таза ауада колледж аумағында спорттық эстафета түрінде өтті. Шараға колледждің барлық оқушылары мен мұғалімдер ұжымы қатысты. Бұл акция тек балалардың бірлесуіне (әсіресе 1 курс), серіктесуге, мұғалімдер мен оқушылар қарым-қатынасын қалыптастыруға ғана өз үлесін қосып қоймай, сонымен қатар салауатты өмір салтын насихаттады.

Топтардың сынып жетекшілері және шеберлерімен медициналық қызметкермен бірге сынып сағаттары, сұхбаттар жоспарланды және өткізілді, оның тақырыптары нашақорлық және психотропты заттардың таралуына жол бермеу сұрақтары болып табылады.

2012 қазанында «Бір ел – бір кітап» Республикалық акция шеңберінде орталық аудандық кітапхана қызметкерлерімен бірге колледж базасында оқырмандар конференциясы өткізілді, оған оқушылар да, мұғалімдер де қатысты (Сергазин А.К., Костовбаева М.В., Тастанбеков Б.Б.)

Колледж Активінің күшімен Мұғалімдер күніне мерекелік бағдарлама өткізілді. «Күзгі балл» шарасы қызықты өтті – жауапты 1 курс.

Инженер-педагогикалық ұжыммен кексе адамдардың құттықтаулары ұйымдастырылды.

2012 жылдың қазан айы бойы «Железин ауданының тарихи-өлкетану мұражайы» КМҚМ кестесіне сәйкес колледж оқушылары Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған шолу және тақырыптық көрмелерге белсене қатысты.

Павлодар облысының 75 жылдығына және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне кең ауқымды шаралар жоспары әзірленді. Колледж топтарының арасында суреттер байқауы өткізілді. Оқушылар арасында мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Еңбек ардагерлерімен, А.И. Прокопцов, А.М. Гасанов, К.А. Омаров сынды ауданның құрметті азаматтарымен кездесу болды.

1 курс студенттері үшін педагогикалық еңбек ардагері, өлкетанушы, Қаз ССР жоғары білімді озаты, ауданның құрметті азаматы Д.Е. Пошковскиймен кездесу ұйымдастырылған болатын, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне 2 курс оқушыларымен «Өзіндік ойын» телебағдарламасының аналогы бойынша сыныптан тыс шара өткізілді.

Белсенділердің күшімен Жаңа жылды қарсы алуға акт залы мен фойе безендірілді. Колледж аумағы да сәнделді. Жаңа жылдық шара қызықты өтті – жауапты колледж белсенділері (топ басшысы Д. Адамбаева) және 2 курс оқушылары. Колледж студенттері жаңа жылдық газет байқауына белсене қатысты.

№20 Железин колледжі оқушыларының бос уақытын ұйымдастыру мақсатында қызығушылықтар бойынша үйірмелер, оқушылардың 60 пайызынан көбі қатысатын спорттық секциялар құрылды. «Аспаз» үйірмесінің сабақтары қызықты өтеді – жетекшісі О.в. Шалтеева. және «Атқыш» - Б.Б. Тастанбеков.

Құрамы 17 оқушыдан тұратын колледж белсенділерімен демалыс кештері, жастар би кештері өткізіледі. Ерекше назар топтардағы тақырыптық сынып сағаттарына бөлінеді: Тәуелсіздік күніне, ҚР алғашқы Президенті күніне, Қазақстан халықтарының тілдері күніне және т.т., олар ғылыми айтыс, іскерлік ойындар, байқаулар, жарыстар, сұрақ-жауап ойындары, пресс-конференция түрінде өтеді.

Ағымдағы оқу жылында колледж ішінде дойбы, шахмат, армреслинг, жеңіл атлетика, үстел теннисі, «Көңілді старт» бойынша бірнеше қатар жарыстар өткізілді.

СӨС бойынша айлықты өткізу кестесіне сәйкес «Ақ өлім», «Сау денеде – сау рух», «Жастайыңнан денсаулығыңды сақта», «Тиімді тамақтану» және т.б. қабырға газеттері безендірілді.

Пайдалы сілтемелер

Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты

Заңдар, Жарлықтар, Өкімдер, Жаңалықтар, Сөйлеген сөздер, Жолдаулар

Павлодар облысының білім беру басқармасы

Павлодар облысындағы білім туралы.

Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі. Нормативтік-құқықтық акті, жалпы индикаторлар және бағдарламаның бағыты, жаңалықтар.

Халықтық IPO

«Халықтық IPO» Бағдарламасы туралы. Қалай «Халықтық IPO» қатысушысы боласыз. Мүмкүншіліктер мен тәуекелдер.